Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысы әкімдігінде өткен кеңесте өңірдің ағымдағы жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Оған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, өңірдің негізгі жетістіктері мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Облыс әкімінің орынбасары Рүстем Исатаевтың айтуынша, өңір экономикасының барлық маңызды секторларында оң динамика байқалған. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 108,6%-ға жетіп, өңір республика бойынша 8-орынға көтерілді. Өнеркәсіп өндірісі 105,4%-ға өсіп, бұл республикадағы орташа көрсеткіштен жоғары болды. Сондай-ақ, үш тоқсан ішінде экономикаға тартылған инвестиция көлемі 32,8%-ға артып, 615 млрд теңгені құрады. Бұл облыс әкімдігінің қолдауымен инвесторлардың жоғары сенімін білдіреді.

Экономиканың негізгі драйверлеріне өңдеу өнеркәсібі, вольфрам өндіру, металл бұйымдары мен қағаз өндірісі жатады. Дегенмен, өндірістік қуаттардың толық пайдаланылмауы мәселесі өзекті болып отыр. Өңдеу өнеркәсібін, әсіресе агроөнімдерді өңдеуді дамыту және дайын өнім шығаруды көбейту қажет.

Сауда және құрылыс салаларында да өсім байқалды. Сауда көлемі 107,2%-ға, ал құрылыс саласы 127,2%-ға өскен. «Ауыл аманаты» және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламалары аясында ауыл инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Облыстағы кейбір бағыттарда оң көрсеткіштерге қарамастан, шешімін күткен мәселелер бар. Марат Сұлтанғазиев ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және бюджет қаражатын тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. Құрылыс және шағын бизнесті қолдау арқылы жұмыс орындарын көбейту, сондай-ақ су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында су үнемдеу технологияларын кеңейту жоспарлануда.

Әкім өңірде бюджет қаражатын игеру және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шараларды қадағалауды тапсырды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz