Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда онлайн микронесие рәсімдеу кезінде биометриялық сәйкестендіру мен электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану міндеттелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жаңа ережелерге сәйкес, микроқаржы ұйымдары клиенттің банктік шоты немесе төлем картасының иесін анықтауы тиіс, ал несие рәсімдеуге кем дегенде екі тексеру әдісін, соның ішінде биометрия мен ЭЦҚ қолдануы қажет. Сондай-ақ банк клиентке төлем немесе ақша аударымы кезінде арнайы код жіберіп, операцияның қауіпсіздігін күшейтеді.
Ұлттық банк несиені рәсімдеуге өтінім мақұлдау уақытын келесі күнге ауыстыруды ұсынды. Бұл өзгеріс клиенттерді алаяқтықтан қорғауға бағытталған. Қазіргі таңда 700 мыңға жуық қазақстандық өз атынан несие алу мүмкіндігін шектеу функциясын қосқан, бұл алаяқтардың қолжетімділігін шектеуге көмектеседі.