Облыстың орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіндегі негізгі жылу көздері 22 қазандық және 57 блокты-модульді қазандықтан тұрады. Олардың ішінде 21 қазандық – газбен, 1 қазандық – сұйық отынмен (мазут) жұмыс істейді. Ал блокты-модульді 57 қазандық газбен қамтамасыз етілген. Жылу желілерінің ұзындығы 173 шақырым, ал желілердің орташа тозу деңгейі 44 пайыз шамасында, деп хабарлайды alataunews.kz.
2020 жылы Қонаев қаласындағы қазандық газға ауыстырылды. Жоба құны – 681,6 млн теңге (жергілікті бюджеттен қаржыландырылған), ал мердігер ТОО «Азияэнергопроектмонтаж» компаниясы болды. 2021 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Еңбекшіқазақ ауданының 71 көппәтерлі үйіне жылу беру үшін 16 блокты-модульді қазандық (БМК) салу басталды. Жұмыс аяқталып, 62 көппәтерлі үйге жылу беріліп жатыр.
Қазіргі уақытта 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы өтіп жатыҚ. Жылыту маусымына дайындық үшін 8,8 млрд теңге бөлінген, оның ішінде қазандықтарды жөндеуге 2 млрд теңге, отын сатып алуға 4,9 млрд теңге және 1,9 млрд теңге энергия өндіруші ұйымдардың өз қаражаты есебінен бөлінді.
Қазір бюджеттік мекемелердің қатты және сұйық отынға деген қажеттілігі анықталды. Сұйық отынға қажеттілік 15,3 млн литрді құраса, қатты отынға 4,6 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта 13 млн литр сұйық отын (86 пайыз) және 4,6 мың тонна қатты отын (100 пайыз) жеткізілген. 22 орталық қазандықта жылыту маусымына 35 қазандықты жөндеу жоспарланған (біреуі күрделі, 34-і ағымдағы жөндеу). 13,3 шақырым жылу желілері жөнделді (күрделі жөндеу – 3,5 шақырым, қайта құру – 2,9 шақырым ағымдағы жөндеу – 6,9 шақырым).
2023-2024 жылдары электр желілерін қайта құру және салу жұмыстары кәсіпорын қаражаты есебінен 256,4 шақырым (834 млн теңге), ал бюджет қаражаты есебінен 72 шақырым (2,6 млрд теңге) көлемінде жүзеге асырылуда. Сондай-ақ әртүрлі кернеудегі 264 трансформаторлық қосалқы станция жөндеуден өтті.
2023 жылы 6 жылумен жабдықтау жобасын жүзеге асыру үшін (Еңбекшіқазақ ауданы – 5; Қонаев қаласы – 1) бюджеттен 1,245 млрд теңге бөлінді (РБ – 404 млн теңге, МБ – 841 млн теңге). Оның ішінде:
- Еңбекшіқазақ ауданында 5 блокты-модульді қазандық салу (453,6 млн теңге);
- Қонаев қаласының 2,4 және 5 шағын аудандарында 2,9 шақырым жылу желілерін қайта құру және салу (791 млн теңге).
Сондай-ақ, жылу желілері мен көздерін қайта құру бойынша бір жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бюджеттен 9,9 млн теңге бөлінген (Қонаев қ. – 1).
Жоғарыда аталған жұмыстар нәтижесінде қалада 4,7 шақырым желі жөнделіп, 2,9 шақырым жаңа желі салынуының арқасында желілердің орташа тозуы 3,5 пайызға төмендейді. Сондай-ақ, Іле ауданының Боралдай кентіндегі 5,8 шақырым жылу желісіне ағымдағы жөндеу жүргізу нәтижесінде желілердің тозуы тағы 5 пайызға төмендейді.
Облыстағы 1986 көппәтерлі тұрғын үйдің 1290-ы орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесімен қамтылған. Қалған тұрғын үйлер автономды қазандықтармен жылытылады. Көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін барлық мекемелер жылыту маусымына дайындық паспорттарын алды. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесін қамтуды арттыру мақсатында биыл 52 блокты-модульді қазандықтың құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Облыста 6 жылу өндіруші ұйым бар:
- Қонаев қаласында «Жылу орталығы» ШЖҚ МКК, балансында 2 қазандық (Қонаев қаласы және Заречный ауылы) бар;
- Іле ауданында «Іле су» ШЖҚ МКК, балансында 10 қазандық (Боралдай кенті, Көктал және Чапаев ауылдары) бар, сондай-ақ, «Тепловые сети» ЖШС Өтеген батыр кентінде орналасқан және ЖЭС-3-тен жылу энергиясын жеткізумен айналысады;
- Талғар, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында «Талғар жылу» ШЖҚ МКК, балансында 58 БМК (Талғар қаласы, Есік қаласы, Шелек кенті, Бесағаш кенті, Шонжы кенті) бар;
- Қарасай ауданында «BeyAzh Trans» ЖШС (Қаскелең қаласы) және «АлатауКом Сервис» ЖШС Іргелі кенті, Асыл Арман), олардың балансында 6 қазандық бар;
- Балқаш ауданында «Балқаш таза су» ШЖҚ МКК, балансында 1 қазандық (Бақанас кенті) бар.
Қазіргі уақытта 52 жаңа блокты-модульді қазандықтың құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:
- Еңбекшіқазақ ауданы – 25 БМК;
- Талғар ауданы – 19 БМК;
- Іле ауданы – 9 БМК.
Аймақта «Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру» жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Іс-шаралар нәтижелері бойынша 2022 жылдың 14 желтоқсанында өткен аукционға қатысып, «АлЭС» АҚ жеңімпаздардың бірі деп танылды. 2023 жылдың 17 наурызында жаңадан енгізілген маневрлік генерация режиміндегі қуаттарды қолдау қызметін сатып алу туралы келісімге қол қойылды. 2023 жылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша «Мемсараптама» №02-0158/22 оң қорытындысы алынды. Жобаны қаржыландыру жұмыстары Еуразиялық Даму Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және SkyBridge Invest арқылы облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылуда.
«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу тәртібіне сәйкес, бас мердігерді іріктеу үшін тендер өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.