Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында бес қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды alataunews.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері баспалдақ арқылы 5 адамды қауіпсіз жерге шығарды, ал 15 тұрғын өздігінен эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді.
Тілсіз жау 70 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт салдарынан 1957 жылы туған әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Өрттің себебі анықталуда.