Halyk» қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастырған дәстүрлі Қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар форумында «Қайырымдылық үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Бұл марапат қордың 2024 жылы Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге елеулі үлес қосқаны үшін берілді.
Форум қайырымдылық мәселелерін талқылау алаңына айналып, бизнес өкілдерін, азаматтық қоғам мен еліміздің қайырымдылық ұйымдарының көшбасшыларын біріктірді. Белсенді гуманитарлық қызметімен танымал «Халық» қайырымдылық қоры зардап шеккен аймақтарды құтқару мен қалпына келтіруде қайырымдылықтың маңызды рөлін көрсетті.
Зардап шеккендерге шұғыл және жүйелі көмек көрсету
Мыңдаған отбасы баспанасыз қалып, көптеген өңірлердің инфрақұрылымы бұзылған жағдайда, «Halyk» қоры көмек көрсету үшін өз ресурстарын жедел жұмылдырды. 10 000-нан астам адам қажетті қолдау алды, ұзақ мерзімді қор бағдарламасы аясында бір ғана Атырау облысында 1000-нан астам жаңа үй салынды. Бұл тек шұғыл көмек қана емес, сонымен бірге апаттан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру бағытында атқарылған жүйелі жұмыс .Сонымен қатар, «Halyk» қоры Астана әкімдігіне “Compass North” тұрғын үй кешенінен 400 жаңа пәтер беріп, олар мұқтаж отбасыларға тапсырылды.
Бұл әрекеттер қордың ұзақ мерзімді әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталы екенін және халықтың өмірін жақсартуға деген адал ниетін көрсетеді.
«Біз үшін бұл марапатты алу үлкен құрмет. Біздің қорымыз Тимур және Динара Құлыбаевтардың басшылығымен қиын-қыстау сәттерде әрқашан халыққа қолдау көрсетуге ұмтылады. Бұл біздің міндетіміз ғана емес, миссиямыз. Қазақстандықтардың осындай сынақтардан кейін қалыпты өмірге оралуына бар күшімізді саламыз», — деді қор басшысы Сағынбек Шүңкеев.
«Halyk» қоры туралы
Тимур және Динара Құлыбаевтардың бастамасымен 2016 жылы құрылған «Halyk» қоры Қазақстандағы қайырымдылық саласындағы жетекші ұйымдардың біріне айналды, ол азаматтардың денсаулығын, білімін және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Қор 85 миллиард теңгеден астам сомаға 120-дан астам әлеуметтік қайырымдылық жобаларын жүзеге асырды, бұл оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін көрсетеді. Қор жұмысының ашықтығы мен тиімділігі мыңдаған қазақстандықтардың сеніміне ие болды.
«Қайырымдылық үшін» медалі туралы
«Қайырымдылық үшін» медалі – Қазақстандағы қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау саласындағы ең беделді марапаттардың бірі. Бұл марапатты алу «Halyk» қорының елдегі меценаттық пен қайырымдылық мәдениетін дамытудағы жетекші рөлін айқындай түсті.