Алматыда 19 жастағы жүргізуші жол ережесін бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін полицияның «Қорғау – қауіпті жүргізуші» жүйесі арқылы ұсталды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жүргізуші Достық даңғылында тоқтатылып, оның 195 жол ережесін бұзғаны анықталды. Айыппұл сомасы шамамен 7 миллион теңгені құрады. Тіпті кей жағдайда ол жалған нөмір қолданып, көліктің жылдамдығын 200 шақырымға дейін арттырған.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, көлік Қырғызстанда тіркелген. Сот шешімімен жүргізуші әкімшілік қамаққа алынып, көлік айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші барлық айыппұлдарды толық төлеуі тиіс болады.