«Қазгидромет» мамандары 2024 жылғы 22-24 қазан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын болады.
Алдағы күндері атлантикалық циклонның әсерінен жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Батыс және оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркірейді. 23 қазанда оңтүстікте жаңбыр жауса, таулы аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. 24 қазанда Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын болжанып отыр.
Синоптиктердің мәліметінше, республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, бірақ температуралық өзгерістер күрт болмайды.