Үкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялау үшін 5 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Бұл қаражат Маңғыстау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аударылып, жылу желілерінің тозығы жеткен 11,5 шақырымдық бөлігін жаңартуға жұмсалады. 2024-2026 жылдары тозуы 75%-дан асатын 44 шақырым құбырды кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарланған. Бұл шаралар Ақтау тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етуге бағытталған.