Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта дәрігерлер әйелден 4 келілік миоманы сәтті алып тастады

Қорлан Нұрланқызы
10.10.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қонаев қаласында 35 жастағы әйелден 4 келі салмақтағы миома алынып, оның өмірі құтқарылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқас қалалық көпбейінді ауруханаға гемоглобин деңгейі төмен ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлер шұғыл түрде емдеуге жатқызғаннан кейін, оның жатырында үлкен миома анықтап, лапаротомия және миомэктомия операциясын сәтті жүргізіп, миоманы алып тастады. Бұл операция кезінде жатыр сақталып, миома түйіндері толық алынды.

Емдеуші дәрігер Раушан Әбдуәлиеваның айтуынша, жатыр миомасы кең таралған гинекологиялық аурулардың бірі болып табылады және оның салдары ауыр болуы мүмкін. Аурудың клиникалық көрінісі жасына, аурудың ұзақтығына, ісіктің мөлшері мен орналасуына байланысты өзгеріп, жатырдан қан кету, анемия, ауырсыну және көрші ағзаларға қысым түсуі сияқты белгілерге әкелуі мүмкін.

Қазіргі уақытта әйел үйінде, ол дәрігерлерге алғысын білдірді.

Сонымен қатар, мамандар жатыр миомасының пайда болуына әсер ететін факторлар ретінде гормоналды бұзылулар, аборттар, артық салмақ және дұрыс тамақтанбауды атап өтті. Олар әйелдерді мезгіл-мезгіл тексерулерден өтуге, ультрадыбыстық зерттеулер жасап, гинекологқа қаралып тұруға шақырады.

Операция мен емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландырылды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz