Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

СІМ Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2024
Жаңалықтар

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағындағы қазақстандық азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қазақстанның Израиль, Иран және Ливан елдеріндегі елшіліктері аталған елдердің уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.

СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарының зардап шеккені немесе қаза тапқаны туралы ақпарат жоқ. Әскери және саяси жағдайдың күрделенуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, СІМ Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты, Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильде жүрген барлық қазақстандықтарды қауіпсіздік шараларын күшейтіп, сақтық пен қырағылық танытуға, жаңалықтарды қадағалап, Қазақстан елшілігімен тұрақты байланыста болуға шақырады.

Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел байланыс нөмірлері:

  • +972 (3) 503 78 85 (кезекші)
  • +972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
  • +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
  • +7 700 111 31 96 (WhatsApp)
Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz