Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда оқу орындарына қойылатын санитарлық талаптар жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2024
Жаңалықтар

Қазақстанда жоғары оқу орындары, колледждер және мектептерге қойылатын санитарлық талаптар өзгертілді. Бұл жаңартулар 2024 жылғы 25 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен енгізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Жаңа санитарлық ережелер білім беру мекемелерінің құрылысын жобалау, сумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету, тамақтандыру, еңбек жағдайлары мен медициналық қызмет көрсету секілді көптеген аспектілерге қатысты талаптарды қамтиды.

Негізгі өзгерістер:

  • Оқу кабинеттері мен аудиториялардың ауданы бір оқушыға бөлінетін орын көлеміне қарай анықталады. Мысалы, 12-15 орынға кемінде 2,5 м², ал 350 және одан да көп орынға бір оқушыға 1 м² бөлінеді.
  • Санитарлық тораптар жаңа талаптарға сай жабдықталады. Оларға дәретхана қағазын ұстағыштар, қол жуғыштар және қоқыс жәшіктері орнатылады. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап санитарлық тораптар ҚР СТ 3845-2023 ұлттық стандартына сай болуы тиіс.
  • Ұйықтайтын бөлмелердегі алаң бір төсекке кемінде 4 м² болуы керек, ал ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған интернаттарда бұл көрсеткіш 4,5 м² дейін ұлғайтылады.
  • Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің жатақханаларында бір адамға кемінде 6 м² бөлінуі қажет. Сонымен қатар, 4-6 адамға арналған бір душ, бір қол жуғыш және бір дәретхана болуы міндеттеледі.

Бұл талаптар 2024 жылғы 9 қазанда күшіне енеді және білім беру мекемелерінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта заманауи кардиологиялық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысында журналистерге пәтер кілті табысталды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы мен Таиланд жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы Тәжікстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Тоқаев әскерге шақыру рәсімін жаңа форматта өткізуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz