Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Қазақстан мен Марокко арасында визалық талаптарды жеңілдету туралы келісімге қол қойылды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2024
Әлем, Жаңалықтар

БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы шеңберінде Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелдегі марокколықтар жөніндегі министрі Насер Буритамен кездесу өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Кездесу барысында министрлер екіжақты саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастың ағымдағы жағдайын және болашағын талқылады.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасында ұлттық және жалпыазаматтық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойылды.

«Бұл келісім екі ел азаматтарының сапарларын жеңілдетуге және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Енді Қазақстан және Марокко азаматтары жарамды паспорттары негізінде екі ел аумағына визасыз кіріп, шығуға, транзитпен өтуге және уақытша болуға мүмкіндік алады. Бұл ретте, олардың әрбір сапары 180 күн ішінде 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, келісімге сәйкес, егер азаматтар ұзақ мерзімді болуды, жұмыс істеуді, білім алуды немесе кәсіпкерлікпен айналысуды жоспарласа, олар қабылдаушы мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінен тиісті виза алуға міндетті болады.

Келісім тараптардың ішкі рәсімдерін аяқтағаны туралы соңғы ресми хабарламаны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларында адасып кеткен екі жасөспірім құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026

Алматы облысында «Ауыл құтқарушылары» 23 өрттің алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026

Алматы облысында 100 млн теңгеге бағаланған сынапты заңсыз сату әрекеті әшкереленді

Қорлан Нұрланқызы
12.04.2026

Алматы-Бішкек тасжолында мопед пен көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
12.04.2026

Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
12.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz