Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады

Қорлан Нұрланқызы
26.09.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласының кешенді даму жоспарына сәйкес, шаһардағы тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2021-2023 жылдарға арналған жалпы сомасы 173225,58 миллион теңгені құрайтын инвестициялық бағдарламаны бекіткен. Бұл бағдарлама аясында Қонаев қаласының газбен қамтылуы қамтамасыз етіледі.

Газ тарту жұмыстарына «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС жауапты. Компания 2024 жылға дейін шаһардағы газ тарту жұмыстарын толық аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 4-ші ықшам ауданда ұзындығы 2,82 шақырым болатын газ желілері салынған, нәтижесінде 787 абонент көгілдір отынның игілігін көріп отыр.

«Біздің басты міндетіміз — инвестициялық бағдарлама негізінде көпқабатты тұрғын үйлерге газ тарту. 2023 жылы 4-ші ықшам аудандағы бірқатар үйлерге газ қосылды, бөлінген 35,8 миллион теңгені толық игердік. Биыл осы ықшам ауданның барлық тұрғын үйлерін газға қосу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы 2-ші ықшам аудандағы үйлерді газға қосу жұмыстары жалғасады», – дейді «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС-нің қаржылық директоры Қайыржан Уразалин.

Мамандардың айтуынша, 2024 жылдың соңына дейін Қонаев қаласының 3, 4, 5-ші ықшам аудандарында ішкі газ тарту желілері толығымен аяқталады. Бұл жұмыстарға 39,4 миллион теңге қаржы қарастырылған. Жоспарға сәйкес, 2023 жылдың соңына дейін қосымша 765 абонент табиғи газды тұтынуға мүмкіндік алады.


Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz