Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі бойынша дөңгелек үстел өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департамент басшысы Арсен Жақұпов пен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің этика жөніндегі уәкілі Алма Сыдықованың қатысуымен облыстың Әділет департаменті қызметкерлеріне арналған «Мемлекеттік қызметкердің әдеп қағидалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Кездесу барысында Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілердің адалдықты, әділеттілікті, қарапайымдылықты сақтап, жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды ұстап, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы тиіс екенін атап өтті.

Мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін сақтай отырып, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеуге міндетті. Ол әріптестерінің жеке және кәсіби қасиеттерін ұжым ішінде талқылаудан аулақ болып, олардың қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге (немесе әрекетсіздікке) жол бермеуі тиіс.

Спикер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі моральдық-этикалық талаптарды, Әдеп кодексінде көрсетілген ережелерді егжей-тегжейлі түсіндірді, сонымен қатар этика жөніндегі уәкілдің қызметі мен оның негізгі функциялары туралы ақпарат берді.

Ол жемқорлыққа қарсы күресте барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуы қажеттігін, бұл әр қызметкердің тек өз әрекеттері үшін ғана емес, сонымен бірге ұжымның жалпы жұмысы үшін де жауапкершілігі екенін атап өтті. Қандай жағдай болмасын, жемқорлық көріністеріне қатаң қарсы тұру керек екенін айтты.

Дөңгелек үстел соңында мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ұжымның моральдық-психологиялық ахуалы мәселелері талқыланды және қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz