Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды

Қорлан Нұрланқызы
20.09.2024
Жаңалықтар

Балалар мен әрекетке қабілетсіз азаматтардың қамқоршылары eGov.kz порталы арқылы өз қамқорлығындағыларды емханаға тіркей алады, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Мемлекеттік қызмет функционалының кеңеюі қамқоршыларға балалар мен 18 жастан асқан әрекетке қабілетсіз азаматтарды емханаларға онлайн түрде тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл цифрлық қызметтің инклюзивті тәсілі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға оң әсер етеді,» – делінген хабарламада. Бұрын қамқоршылар мен заңды өкілдер бала кезінен мүгедектігі бар балаларды емханаға тек тікелей барып тіркей алатын еді. Бұл рәсімге өтініш берушінің жеке қатысуы және қамқоршылықты растайтын сот шешімін немесе құжаттарды ұсыну қажет болатын.

Жаңартылған мемлекеттік қызмет арқылы қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілері және басқа да заңды өкілдер өздерінің қамқорлығындағы адамдарды емханаға онлайн тіркеу өтінішін бере алады.

Қызметті алу үшін келесі қадамдар қажет:

  1. eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Емханаға тіркелу» қызметін таңдау;
  2. Өтініш берушінің санатын таңдау: «Балаға (18 жасқа дейін, оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықтағы)» немесе «Заңды өкілге (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғандарға)»;
  3. Аймақты, ауданды, емхананы, тіркеу себебін (көшу немесе еркін тіркеу), емдеуші дәрігерді таңдап, қажетті мекенжай мен байланыс телефон нөмірін толтыру;
  4. Өтінімді ЭЦҚ/QRCode немесе sms-растау арқылы қол қою.

Өтініштің нәтижесі медициналық ұйымның қарауынан кейін пайдаланушының Жеке кабинетінде көрсетіледі. Қызметті тұрғылықты жері өзгерген жағдайда ғана емес, сондай-ақ жылына бір реттен жиі емес бір әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде медициналық ұйымды ауыстыру үшін де қолдануға болады.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz