Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы өсті

Қорлан Нұрланқызы
18.09.2024
Жаңалықтар

Тамыз айында елімізде жылдық инфляция баяулап, 8,4%-ды құрады (шілде айында бұл көрсеткіш 8,6% болған). Жылдық инфляция сегіз өңірде төмендесе, тағы сегіз өңірде керісінше қарқын алған, ал төрт өңірде өзгеріссіз қалған, деп хабарлайды alataunews.kz.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, ең жоғары жылдық инфляция Астана қаласы мен Маңғыстау облысында тіркелген.

«Азық-түлік тауарларының бағасы тамыз айында жылдық көрсеткіш бойынша 5,5% деңгейінде қалды (шілдеде де 5,5%). Бұл топтағы тауарлардың ең жоғары бағасы Алматы қаласында (8,3%), ал ең төменгі өсім Түркістан облысында (3,0%) байқалды», – делінген хабарламада.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 7,7%-ға дейін өсті (шілдеде – 7,3%). Ең жоғары өсім Маңғыстау облысында (13,0%), ал ең төменгі өсім Алматы облысында (5,4%) тіркелген. «Ақылы қызметтер бағасы тамызда 13,6%-ға дейін баяулаған (шілдеде 14,5%). Павлодар облысында бұл көрсеткіш 18,9%-ды құрап, республикалық орташа деңгейден айтарлықтай жоғары болса, Алматы облысында өсім 7,7%-ды құрап, ең төменгі деңгейде болды», – деп нақтылады Ұлттық банк өкілдері.

Тамыз айында еліміз бойынша айлық инфляция 0,6% болды, бұл көрсеткіш тарихи орташа мәннен жоғары (2017-2021 жылдардағы тамыз айында – 0,2%).

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz