Алматы облысы полиция департаменті Есікте жедел жәрдем көлігі екі адамды қағып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
«12 қыркүйек күні Алтын Адам аллеясы көшесімен жүріп келе жатқан жедел медициналық жәрдем жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен екі қызды қағып кеткен. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі қыз да амбулаториялық емделуге жіберілді», — делінген хабарламада.