Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

Қорлан Нұрланқызы
06.09.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (МҚІА) төрағасы Дархан Жазықбай Алматы облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Сапар барысында ол облыстың мемлекеттік қызметшілері, Өңірлік кадр резервінің мүшелері және Жастар ресурстық орталығы өкілдерімен кездесті.

Кездесулерде Агенттік төрағасы Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында елдің дамуына әсер ететін бірқатар маңызды мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік басқару ісінің тиімділігіне баса назар аударылғанын атап өтті.

Мемлекеттік қызметшілермен өткен кездесуде Дархан Жазықбай жуырда қабылданған Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын таныстырды. Оның айтуынша, бұл стратегиялық құжат мемлекеттік қызмет саласын ашық, әділ және адамға бағдарланған түрде дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, мемлекеттік аппаратты сервистік үлгіде ілгерілету, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру және адам ресурстарын басқаруды цифрландыру мәселелері маңызды орын алады.

Өңірлік кадр резервінің мүшелерімен кездесуде Агенттік төрағасы жастардың жаңашылдық пен шығармашылықтың бастауы болу керектігін айтты. Ол Мемлекет басшысының: «Мемлекеттік қызмет – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын орын емес. Бұл – халық алдындағы үлкен жауапкершілік» деген сөзін еске салып, жастардың осы қағиданы ұстануының маңыздылығын атап өтті.

Жастар ресурстық орталығында өткен еркін пікір алмасу барысында өңір жастары мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа тұжырымдамасы аясында жас таланттарды ынталандыруды көздейтін ерте кәсіптік бағдарлау институтын құру бастамасына ерекше қызығушылық танытты.

Сапар соңында Дархан Жазықбай Қонаев қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, жергілікті деңгейде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Ол қызметтердің қолжетімділігі мен көрсетілетін орындардың қолайлы болуын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару керектігін айтты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» республикалық форумы басталды

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Қазақстанда 3000 запастағы әскери міндетті оқу-жаттығу жиындарына шақырылады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Интернет-пирамидалардан сақ болыңыз!

Диана Ахметова
29.06.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
29.06.2026

Мәулен Әшімбаев Сенатпен қоштасты: қос палаталы Парламенттің 30 жылдық кезеңі аяқталады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz