Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында нашақорлыққа қарсы күрес күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
06.09.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңірде жасөспірімдер мен жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеу мақсатында белсенді іс-шаралар жүргізілуде. Жыл басынан бері 376 алдын алу шарасы ұйымдастырылып, 214 дәріс мектептерде оқушыларға есірткінің зияны мен оның заңсыз айналымының салдары туралы түсіндірілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Алматы облысы Полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаровтың айтуынша, алдын алу шараларының аясында «PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ» жастар ұйымы белсенді түрде қатысып, жыл бойы 22 рейд өткізіп, есірткі сайттарын жарнамалайтын 800-ден астам жазбаны жойған. Сонымен қатар, есірткі сайттарын анықтау үшін интернет кеңістігіне мониторинг жүргізіліп, 106 сайт бұғатталған.

Бұдан бөлек, нашақорлықпен күрес мақсатында ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту үшін 11 меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумдар арқылы көлік компанияларымен бірлесе жұмыс атқарылып, есірткі тасымалының алдын алу шаралары кеңейтілуде.

2024 жылға арналған жоспар бойынша облыстық әкімдік есірткіге қарсы күреске 40 миллионнан астам теңге қаражат бөлді. Бұл қаржы жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған мәдени және спорттық іс-шараларға жұмсалады.

«Біз тек есірткімен күресіп қана қоймай, жастарды салауатты өмір салтына баулуға тырысамыз. Бұл – болашақ үшін ең маңызды қадамдардың бірі», – деп түйіндеді Ардақ Қайсаров.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz