Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтөбе облысында субсидияға бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған

Қорлан Нұрланқызы
05.09.2024
Жаңалықтар

Ақтөбе облысында аграрлық-өнеркәсіптік кешенді субсидиялауға бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезіндегі алаяқтық фактілерін анықтады.

«Тергеу барысында 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ірі-қара мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталды. Құқыққа қайшы әрекеттермен мемлекетке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық ірі мөлшерде залал келтірілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді.  Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген хабарламада.

Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.

Тегтер: ҚазақстанҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қандай жағдайда мектептер карантинге жабылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Алматы облысында 11 жастағы оқушы мектеп баспалдағынан құлап, көз жұмды

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Үлкен ауылы қалай өзгереді: қандай жаңа нысандар салынады?

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz