Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

1 қыркүйек — Білім күні!

Қорлан Нұрланқызы
01.09.2024
Жаңалықтар

ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандықтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Қадірлі ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгін 2024-2025 оқу жылының жаңа парағы ашылды. Еліміздің барлық өңірлерінде Білім күнін асыға күткен 3,9 млн бала сүйікті мектебімен, ұстаздарымен қайта қауышты. Мемлекет оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасауда. Бүгін 90 мыңға жуық оқушы су жаңа мектептерде оқу жылын бастайды. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынғандары да бар. Ал 200 мыңнан астам бала күрделі жөндеуден өтіп, қайта жабдықталған мектептерде білім алады. Бірінші сыныпқа 352 мың бала қабылданды. Ал 11 сыныпқа өткен 219 мың оқушы мектептегі оқуын аяқтайды. Қымбатты балалар, оқу жылы сіздерді жаңа жетістіктерге жетелеп шабыттандыратын қызықты, танымды әрі тағылымды болсын деп тілеймін! Дәл осы күні ұстаздардың өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі орасан еңбегін де атап өткім келеді. Ұлттың ағартушы ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы «Ұстаз — ұлт келбеті» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан ағартушылық миссиясын адал атқарып жүрген ұстаздардың еңбегі лайықты түрде жоғары бағалануы тиіс. Құрметті әріптестер, өз мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз, ұрпақ ісіндегі жанкешті еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздер балаларға білім беріп қана қоймай, оларға халқымыздың басты құндылықтарын сіңіріп келесіздер. Биылғы оқу жылы жоғары жетістіктер мен толағай табыстарға толы болсын!», — деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» республикалық форумы басталды

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Қазақстанда 3000 запастағы әскери міндетті оқу-жаттығу жиындарына шақырылады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Интернет-пирамидалардан сақ болыңыз!

Диана Ахметова
29.06.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
29.06.2026

Мәулен Әшімбаев Сенатпен қоштасты: қос палаталы Парламенттің 30 жылдық кезеңі аяқталады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz