Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында кадр резервіне іріктеу аяқталды

Алматы облысында өңірлік кадр резервіне іріктеу аяқталып, нәтижесінде 25 жас маман таңдалды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Жакупов мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.08.2024
Аймақ, Алматы облысы

Жакуповтың айтуынша, іріктеуге 35 жасқа дейінгі, жоғары білімді және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар азаматтар қатысты.

«Бұл іріктеу жастарға өңірді дамытуға өз үлестерін қосуға және мемлекеттік қызметте жоғары позицияларға ұмтылуға мүмкіндік береді,» — деді ол.

Жалпы, Алматы облысының кадрлық резервіне 277 адам құжат тапсырып, оның 232-сі қабылданды. Тестілеуден өткен 62 үміткердің ішінде 51-і құзыреттерді бағалау кезеңіне өтті, ал 38-і комиссиядағы құрылымдық сұхбатқа шақырылды.

«Биылғы жылдың 20-21 тамыз аралығында өткен соңғы кезеңде 35 үміткер өз жобаларын презентациялау форматында таныстырды. Бұл кезеңнің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз бақылаушылар, оның ішінде қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдерінің және салалық сарапшылардың қатысуымен өткізілді,» — деді Арсен Жакупов.

Комиссияның шешімі бойынша, барлық кезеңдерден сәтті өткен 35 үміткердің ішінен 25 адам кадр резервіне қабылданды. Резервке алынғандардың ішінде 5 әйел және 20 ер адам бар, олардың орташа жасы – 31, ең жасы – 25. Резервке қабылданғандар арасында басқа өңірлерден, оның ішінде Астана қаласынан келген үміткерлер де бар.

Резервшілер екі жыл мерзімге сайланған лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалу мүмкіндігіне ие болады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz