Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 476 мектептің қауіпсіздігі тексерілді

Аймақта жаңа оқу жылының қарсаңында 476 мектепті полицейлер тексеруден өткізді. Бұл туралы Алматы облысы әкімшілік полиция басқармасының бастығының м.а. Еркебұлан Ахметов пен жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығының м.а. Мұрат Қалиасқаров Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.08.2024
Аймақ, Алматы облысы

Мұрат Қалиасқаровтың айтуынша, өңірде жаңа оқу жылының алдында «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Шара барысында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірге балабақшалар мен білім беру мекемелерінің маңындағы жолдар мен көше-жол желілері тексерілген.

Нәтижесінде, балалардың жол-көлік жарақатын болдырмау және алдын алу мақсатында аймақтағы қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісіне 556 жол белгісі орнатылып, 128 шаршы метр жол кедергілері қойылды, сондай-ақ 440 шаршы метр жол таңбалары жаңартылды. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында барлық мектептерде орнатылған бейнебақылау камералары мен дабыл батырмаларының жұмысқа жарамдылығы тексерілді.

Департамент өкілдерінің айтуынша, 2024 жылдың алғашқы 7 айында балалардың қатысуымен 394 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның нәтижесінде 26 бала қайтыс болып, 476 бала әртүрлі деңгейдегі жарақат алды.

«Ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырамыз. Жаңа оқу жылы басталған кезде, әсіресе таңертең және кешкі уақытта, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау маңызды. Сондай-ақ, ата-аналар балаларға мектепке барар және қайтар жолда бейтаныс адамдармен сөйлеспеу және күдікті жағдайлар туындаса, дереу үлкендерге немесе полицияға хабарлау қажеттігін түсіндіруі тиіс», — деп қорытындылады Еркебұлан Ахметов.
Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz