Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Іле ауданындағы 9 жекеменшік балабақша құрылтайшылары қамауға алынды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ле ауданындағы 9 жекеменшік балабақшалардың құрылтайшылары қамауға алынды. Бір айдың ішінде 29 жекеменшік балабақша жабылып, мемлекетке 729,0 млн шығын келтіргені үшін тағы да бірнеше құрылтайшылардың үстерінен іс қозғалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам
«Түсіндіре кетсем, мұнда жекеменшік балабақшалар кәсіпкерлік субъектілерге тексеріс жүргізуге салынған мораторийді пайдаланып, мемлекеттік тапсырыс негізінде бөлінген қаржыны жымқырған. Осы тұста бүгінгі тамыз кеңесінде көтеріліп отырған — білім беру жүйесіне сандық технологияларды енгізу өте орынды және қажетті іс. Сандық технология көп жағдайда білім саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жоюға септігін тигізері сөзсіз. Бүгінгі күні цифрлық технологиялар басқармасы арқылы аталған жағдайлардың алдын алу, жемқорлыққа тосқауыл қою мақсатында барлық балабақшаларға меншік түріне қарамастан «биометрия» автоматтандырылған жүйесі енгізілуде. Мұнда әр баланың балабақшаға келуі жекелей QR код арқылы табельге енгізіліп, есебі жүріп отырады», — деді өңір басшысы.

Жекеменшік балалақшалардағы келесі проблема – тәрбиеші педагогтардың білімі мен біліктілігінің төмендігі. Қазіргі кезде жалпы республика бойынша жекеменшік балабақшаларда тәрбиешілер мен кіші қызметкерлердің өз ісіне жауапкершілігінің төмендігі, психологиялық тұрақсыздығы салдарынан балаларға қатысты түрлі жағдайлар орын алуда.

Өңір басшысы жекеменшік балабақшаларға педагогтардың білімі мен жауапкершіліктерін көтеру бағытындағы жұмыстарды жүргізуді тапсырғанын айтты.

«Бүгінгі тамыз кеңесінде облысымыздың білім саласындағы өзекті проблемалар көтеріліп, жалпы білім саласының дамуымен таныстыңыздар. Білім беру өте күрделі жүйе екенін тағы да қайталап айтқым келеді. Саладағы проблемалар нақты жұмыстар арқылы шешімін табады. Осы тұста педагогтар құзыреттілігінің жоғары болуы аса маңызды. Оқушы да, ата-ана да, мемлекет те Сіздерге болашағын тапсырып, зор үміт күтеді. Сондықтан баршаңызды өнімді, нәтижелі еңбек етуге шақырамын», — деді ол.
Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, өзекті мәселелерді тыңдады

Қорлан Нұрланқызы
27.05.2026

Алматы облысындағы №38 мектеп-гимназиясы республикалық рейтингте үздік 100 мектеп қатарына енді

Қорлан Нұрланқызы
27.05.2026

Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
27.05.2026

Қазақстанда ҰБТ басталды: 240 мыңға жуық талапкер тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
26.05.2026

Алматы облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті ғимаратының құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
26.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz