Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында биыл 800 тұрғын үй қолданысқа беріледі

Алматы облысы энергитика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Айдын Бегімбеков көптің көкейіндегі тұрғын-үйге қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Айдын Бегімбековтың айтуынша, облыста 40 мыңнан астам азамат үй кезегінде тұр. Олардың 4 мыңнан астамы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен 11 мыңы көп балалы аналар. Былтыр 214 пәтер кілті табысталса, биыл 821 баспана беру жоспарланған. Облыста «Бақытты отбасы», «7-20-25», «5-10-20» бағдарламалар қарастырылған.

Баспасөз мәслихатында спикер тұрғын үй мәселелерінен бөлек, газдандыру, сумен қамту, энергетика салаларында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бегімбеков өңірдегі басты мәселелердің бірі-газбен қамтамасыз ету екенін айтты. Қазіргі таңда газдандырудың өңірлік схемасы бойынша 284 елді мекен газдандыруға жатады.

«Биыл өңірді газдандыру пайызын 52,8% — ға дейін арттыру және 150 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қалған 134 елді мекен «Алматы облысын 2030 жылға дейін газдандырудың өңірлік схемасына» сәйкес көгілдір отынмен қамтылады»,-дейді Айдын Бегімбеков.
Ал, тұрғындарды ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында былтыр 44 жобаны және су бұру бойынша 15 жобаны іске асыруға 31,0 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, «Әрбір елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасы әзірленді, облыс бойынша 2023-2025 жылдарға арналған 90 жоба енгізілді. Жоба аясында 2 қала және 79 ауылды елді мекенде желілерді қайта жаңарту, сондай-ақ 6 ауылда жаңа құрылыс жоспарлануда. Нәтижесінде, жабдықтау желілерінің тозуы 47%-ға дейін төмендеп, ауылдық елді мекендер орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 95% қамтылады» деп атап өтті.
Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

Николай Иващенко
08.04.2026

Осужденная общественная деятельница Перизат Кайрат отбывает срок и работает в колонии

Николай Иващенко
08.04.2026

Генеративное искусство: в Астане пройдет фестиваль AI-фильмов

Николай Иващенко
08.04.2026

Пожар в акимате Актюбинской области: пострадавших нет

Николай Иващенко
08.04.2026

Токаев приветствует достижение соглашения о перемирии на Ближнем Востоке

Николай Иващенко
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz