Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында 14 мыңнан астам балаға материалдық көмек беріліп үлгерді

Әлеуметті аз қамтылған отбасы балалары үшін мемлекеттік қолдау қашанда жоғары, әрі жүйелі. Жылда әр оқу жылының басында «мектепке жол» республикалық науқны бастау алады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Аймақтың атқа мінерлері мен атымтай жомарт азаматтарының жәрдемінің арқасында санмыңдаған бала оқуға қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.

Алматы облысында жылдағы дәстүр бойынша «мектепке жол» акциясы өтуде. Науқан тамыз айының 20 жұлдызына дейін жалғасын табады. Облыстық білім басқармасының бас маманы Думан Даулетханұлының сөзіне сенсек, аймақта 432 мемлекетітк мектеп бар, онда 50 мың бала әлеуметтік көмекке мұқтаж. Айтуынша биыл да дәл осы мөлшерде оқушыларға көмек көрсетіледі.

Ал, Алматы облысы білім басқармасының «Орта білімді дамыту» бөлімінің бас маманы Айымгүл Саинқызы биыл әр балаға оқу құралдарын алуға 43 407 теңгеден қаржы бөлінгенін алға тартты. Тек, баланың қамқоршысы қаражат есеп шотына түскеннен кейін, қаржының қайда жұмсалғандығы туралы есеп өткізуі тиіс, дейді маман.

«Облыста жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, әлеуметтік аз қамтылған және төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отбасыдан шыққан 14012 баланың заңды өкілдеріне 608,2 млн.теңге аударылды. Науқанның басталғанына санулы күн ғана, алда бұл жұмыстар жалғасын табады», — дейді Айымгүл Саинқызы.

Жауаптылардың сөзіне сүйенсек, материалдық көмек көлемі соңғы 3 жылда 2,5 есе артты. Мәселен 17 мың теңгеден 43407 теңгеге өсіп отыр.

Айта кетейік, материалдық көмекті алу үшін әр ата-ана мектеп директорының атына өтініш жазу қажет.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz