Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2% мөлшерлемемен тұрғын үй несиесін алуға өтініш қабылдана бастады

"Отбасы банк" АҚ "Бақытты отбасы"бағдарламасына қатысу үшін кезекте тұрғандардан тұрғын үйге өтінімдер қабылдауды бастады. Өтінімді платформада 2022 жылғы 20 маусымнан бастап 2022 жылғы 19 шілдеге дейін (қоса алғанда) қалдыруға болады otbasybank.kz.

20.06.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Бақытты отбасы» бағдарламасына әкімдікте кезекте тұрған азаматтар қатыса алады:

— көпбалалы отбасы;

— мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;

— толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек).

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылар үшін қарыз сомасының 10% мөлшерінде бастапқы жарна болған кезде жылдық 2% мөлшерлеме бойынша қарыздар берілетін болады. Қарыз мерзімі — 20 жылға дейін», — деп хабарлады «Отбасы банк» АҚ баспасөз қызметі.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер желісі бойынша салынған кредиттік тұрғын үйді немесе кандидаттың таңдауы бойынша кез келген өзге де тұрғын үйді сатып алуға болады (бастапқы, қайталама).

Қарыздың ең жоғары сомасы Астана, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 15 млн теңгеге дейін және қалған өңірлерде 10 млн теңгеге дейін құрайды. Жылжымайтын мүлік қарыз алушы тұрғын үй кезегінде тұрған өңірде сатып алынуға тиіс.

Тегтер: Отбасы банктұрғын үй
Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz