Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Шалкөде жайлауының “Шопандар тойы”

Көк жайлаудың төресі, желмаясына мініп жаһанды кезген Асанқайғының арманындағы жерұйық мекен - Шалкөде жайлауының төрінде қазақтың ұлттық құндылықтары  жаңғыртылып, ұзақ жылдар бойы ұлықталмай ұмыт болып бара жатқан шопандар тойы дүркіретіп аталып өтілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.07.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Көшпенді елдің ұлттық мәдениеті ұлықталып, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен өнері, ас мәзірі мен дала спорты дәріптелетін, жалпы ұлттық болмысымыз насихатталды!

Қасиетті Қарадаланы мекен еткен Ұйғыр ауданы ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығына бейімделген аудан. Шарада аудан әкімі Бота Серікқызы төрт түлігін түгендеп, төрт құбыласын теңестірген мал шаруашылығының нағыз майталмандары малшылар қауымының мерекесімен құттықтап, мал бағу мен мал басын көбейтуде озық еңбек етіп, жетістіктерге жеткен бірқатар ауыл малшыларын арнайы марапаттап, маңдай тер мен адал еңбектерін елеп ескерілді.

Қазақ күресінен жауырыны жер иіскемеген палуандар боз кілемде бақ сынасты. Ат құлағында ойнайтын спортшылар теңге ілуден сайысқа түссе, білекті жігіттер ат үстінде аударыспақтан тамаша ойын көрсетті. Қошқар көтеруден де бірқатар жігіттер жарысқа түсті.

Сап түзей тігілген ақшаңқан үйлерде ас беріліп, бір-бірімен арқа-жарқа болысқан ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, әзілі жарасқан боз бала бойжеткендер нағыз тойдың сәнін кіргізді. Алдағы жылдары ауқымы кеңейетін естен кетпес дүбірлі той болды.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz