Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында Республикалық жолдарға қатысты 7 жоба жүзеге асып жатыр

«ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалында жол сапасының мәселелері мен атқарылған жұмыстар жайлы жиын өтті. Кездесуге ҚР Парламенті сенаты мен мәжіліс депутаттары және Алматы облыстық әкімдігінің өкілдері қатысты. Филиал директоры Ержан Жасыбаев орталықтың жұмысын баяндап, жол құрылысының сапасын бақылайтын заманауи құрылғыларды таныстырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Бүгінде республикалық жолдар бойынша 7 жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде, 239 шақырымында қайта жаңғырту (реконструкция) (4 жоба), 30 шақырымында орташа жөндеу (2 жоба) жұмыстары және Алматы-Қонаев жолының 23 шақырымында жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарға 51,6 млрд.теңге қарастырылған. Оның ішінде ірі жобалар: Күрті-Бурылбайтал автомобиль жолы, Шамалған бекетінің айналма жолы, Қонаев-Күрті автожолының белгілі шақырым аралықтары кіреді.

«Біздің қызметіміздің мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқару болып табылады. Егер бұрын облыстық зертханалар республикалық жолдардың сапасын тексеріп, оның кемшіліктерімен күрескен болса, онда құрылған орталық барлық жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды, оның ішінде жергілікті автомобиль жолдарын тексеруді қамтиды» — деді «ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалының директоры Ержан Жасыбаев.

Осыған қоса қазіргі таңда ҚР Президентінің республикалық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жай-күйінің үлесін көбейту бойынша тапсырмасына сәйкес қосымша 32,3 млрд.теңге қаражат қарастырылып, 263 шақырым жолдарға орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірленіп, ведомстволық сараптама қорытындысы алынды. Қазіргі таңда «ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК Алматы облыстық филиалымен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізіліп жатыр. Айта кетейік, Алматы облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1783 шақырым.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz