Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Жылу энергетикасы туралы» заңға қол қойды

Президент "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.07.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Құжат алғаш рет жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен дамуы үшін жылу энергиясын өндіру, беру, өткізу және тұтыну процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды дербес заң түрінде реттейді.

Сонымен қатар, жылу энергетикасы саласының сапалы және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жаңа тетіктерді енгізу және қолданыстағысын күшейту жолымен реттеу жүйесі жаңғыртылды.

Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары айқындалды.

Бұдан бөлек, аталған сектордың дәйекті және тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін оны ілгерілетудің жоспарлау және жай-күйін бағалау тетіктері енгізілді. Атап айтқанда, Энергетика министрлігі жылу энергетикасының өңірлер, сондай-ақ, өндіріс, тасымалдау, өткізу, тұтыну секторлары бойынша салалық мемлекеттік органдар әзірлеген негізгі және мақсатты көрсеткіштерді бекітеді.

Жылумен жабдықтау жүйесі құрылымдалып, жылумен жабдықтайтын субъектілер мен олардың қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері реттелген.

Жылумен жабдықтау жүйелері қуаттылығына және тұтынушылардың қосымша жүктемесіне қарай орталықтандырылған, жергілікті және жеке жылумен жабдықтау жүйелері болып бөлінеді.

Сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін тарифтік реттеу, энергия үнемдеуді қолдау, жылу энергетикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану тетіктері жаңартылды.

Жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету  талаптары, жөндеу жұмыстарын жүргізу және жылу энергиясы көздерін пайдаланудан шығару шарттары белгіленді. Сонымен қатар жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету талаптары күшейтілді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қапшағай су қоймасында екі жас суға батып көз жұмды

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2026

Алматы облысында екі iPhone алған салықшылар 100 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2026

Алматы облысында жасөспірімдер ер адамды соққыға жыққан

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2026

Алматы облысында құтқарушылар ауладан жылан ұстады

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz