Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, бала әлі табылған жоқ.
«Кәмелетке толмаған бала жоғалуына байланысты тергеу жалғасып жатыр. Іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ. Іздеуге полиция қызметкерлері, жұртшылық пен еріктілер жұмылдырылды», — деді ведомство өкілі.
Сондай-ақ, полиция наурызда баланы өлтірді деген күдікпен ұсталған адамдар әлі де қамауда отырғанын айтты.
Еске салайық, үш жасар Айя-София Алматы облысының Күш ауылында жоғалып кеткен болатын. 17 наурызда ол үйден шығып кеткен, содан кейін оны ешкім көрмеген. Баланың анасы полицияға жүгінді.