Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысының ҚХА өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге 60 млн теңге жіберді

Қонаев қаласында Алматы облысы ҚХА-ның ХХІХ сессиясы өтті. Шараны аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев жүргізді. Ұйымдастырушы – Алматы облысының қоғамдық келісім және даму орталығы, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.06.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Сессия барысында қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА ХХХІІІ сессиясындағы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты бірқатар кезек күттірмейтін міндеттерін талқылады.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстық Ассамблеяның мұрындық болуымен этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған 200-ден астам іс-шара өткізілгені атап өтілді.

«Облыстық ҚХА қызметі алдағы уақытта да бейбітшілікті, достық пен ізгілікті нығайтуға бағытталатынына сенімдімін. Біздің облыс бірлік пен қоғамдық келісімнің үлгісі болып қала бермек. «Жүректен-жүрекке» акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге 60 миллион теңгеге жуық материалдық көмек көрсетіліп, 4 жүк көлігі мен 3 вагон гуманитарлық көмек жөнелтілді. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, ардагерлер мен мүгедек балаларға 23 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Бүгінгі таңда облыстық ҚХА жанынан 1176 адамды біріктіретін 141 Ақсақалдар кеңесі және 1200 адамнан тұратын 146 Аналар кеңесі жұмыс істейді.

Алматы облысында 105 этностың өкілдері тұрады, 26 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық жағажайлар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026

Қонаевта 25 заңсыз жарнама алынып тасталды

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026

Алматы облысының оқушылары халықаралық ғылыми конкурста топ жарды

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026

Қазақстанда еңбек иммигранттарына рұқсат беру қызметі толық онлайн форматқа өтті

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026

Қазақстанда мектеп бітіру кештерін өткізу талаптары нақтыланды

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz