Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Қонаевта жаңа жағажай қолданысқа берілді

Бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов жаңа жағажайды қолданысқа беру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

«Алға қойылған маңызды бағыттың бірі – туризм саласын дамыту. Бүгінгі таңда Қонаевта 140 демалыс нысаны қызмет етуде. 2023 жылы шомылу маусымында 1,2 млн. туристер келсе, биыл 1,3 млн. демалушыға қызмет көрсету жоспарланып отыр. Қалада туризмді дамыту мақсатында бюджет тарапынан да, жеке инвесторлар тарапынан да тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 5-қалалық жағажай абаттандырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына қолданысқа беріліп отыр. Қуанышты күнмен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!» – деді Асхат Бердіханов.

Жағажайға кіру құны – бір көлікке 1000 теңге. Нысан бюджет қаржысына салынған.

Аталған жағажайдың жалпы аумағы 2,7 гектарды құрайды. Мұнда футбол, воллейбол, воркаут, балалар ойын алаңдары, үстел теннисі орнатылған. Суға түсу орны мен дәретхана, шатырлар, пирс, жасыл аймақ, бизнес объектілері, балалар бассейні, автотұрақ та бар. Құтқарушыларға арналған 2 орын қойылған. Жағажайдың келбетін шағын сәулеттік нысандар келтіріп тұр. Инженерлік желілер тартылып, халыққа қолайлы жағдай жасалған.

Бұдан бөлек, қаладағы №6 және №7 жағажайларды абаттандыру көзделуде. Ал №8 жағажай инвесторлар қаржысына салынып, аттракциондар паркіне айналмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026

Алматы облысының әкімі Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026

Алматы облысында сел салдары жойылып жатыр: өңір басшысы апат аймақтарын аралады

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026

Қапшағай су қоймасында екі жас суға батып көз жұмды

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz