Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бала ұрлағандар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

15 маусымнан бастап әйел құқығы мен бала қауіпсіздігіне бағытталған заң күшіне енеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.06.2024
Жаңалықтар, Қоғам
Енді жасөсірімдерге буллинг жасағандар мен суицидке итермелегендер үшін жаза күшейтілді.

Балаға аса қатігездікпен қол көтерген ата-ана да жауапқа тартылады.

Отбасындағы зорлықтан әйелмен бірге балалар да зардап шегеді. Ресми статистикамен айтайық. Құқық қорғау органдарына түскен арыздардың негізінде былтыр 2 жарым мың бала үйде жапа шеккен.

7 бала агрессордың қолынан көз жұмған. Президент қол қойған заң бойынша, енді өз баласын аса қатігездікпен ұрып-соққандар үшін жаза қатаңдатылды.

Құжатқа сәйкес, агрессор 2 жылға дейін қамалуы мүмкін. Баланың алған жарақатына байланысты жаза мерзімі де ұзарады. Дегенмен, бұл қол көтергеннің бәрі ата-ана құқығынан айырылады дегенді білдірмейді. Бұл қасақана жасалған қылмысқа ғана қолданылады. Ал шешімді тек сот шығарады. Онда баланың мүддесі міндетті түрде ескеріледі. Біреудің баласын қорлап, буллинг жасағандар үшін де алғаш рет әкімшілік жауапкершілік енгізілді.

Буллинг немесе кибербуллингке 16 жасқа дейін жасөспірім барса, оның ата-анасына 37 мың теңгеге жуық айыппұл салынады. Тағы қайталаса, 110 мың теңге төлейді. Әлеуметтік желіде түрлі күмәнді ақпарат таратып, баланы суицидке итермегендер де қылмыстық жауапқа тартылады.

Олар 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жаңа заңда кәмілет жасына толмағандарды зорлағандар мен өлтіргендерге де қылмыстық жаза күшейтілді.

Бұрын педофилдер өмір бойына немесе 20 жылға дейін сотталса, енді тек өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Озбырлық жасағандарға ата-анасымен татуласуға мүмкіндік берілмейді. Ал бала ұрлағандар 10 жылдан 15 жылға дейін қамалады.

Бұдан бөлек, «жолақы төлемедің» деп оқушыны автобустан түсіріп кететіндер 19 мың теңге айыппұл төлейді. Бала қауіпсіздігі үшін жазғы лагерь, сауықтыру орталықтары сынды мекемелердің барлығы еш ескертусіз тексеріледі. Сондай-ақ, лагерьлер лицензия алуға міндеттеледі. Заңдағы баптар 15 маусымнан күшіне енеді.

Тегтер: балаларБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

В Конаеве началась реконструкция улицы Ауэзова

Николай Иващенко
30.03.2026

Массовая разборка в Алматинской области: полиция применила оружие

Николай Иващенко
30.03.2026

В Алматинской области спасатели МЧС пришли на помощь заблудившимся в горах

Николай Иващенко
30.03.2026

В области Улытау пресечен канал поставки наркотиков объемом до миллиона доз

Николай Иващенко
30.03.2026

Убийство семьи в Атырау: подозреваемому грозит пожизненное

Николай Иващенко
30.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz