Қазіргі таңда Алматы облысында бірнеше мамандандырылған орталықтар іске қосылып, нәтижелі жұмыс істеуде. Олар туристерге облыстағы көрікті жерлер туралы барлық қажетті ақпараттарды береді. Енді ол жерде қандай сұрақтар қоюға болатынын және мұндай орталықтардың қалай жұмыс істейтінін білейік.
«Visit Alatau» туристік ақпараттық орталығы
«Visit Alatau» туристік ақпараттық орталығы облыстық туризм басқармасының бастамасымен құрылған орталықтың негізгі міндеті- туризмнің әлеуетін арттыру.
Аймақтағы айшықты жерлер туралы ақпарат беруге негізделген ұйымда келушілердің кәдесіне жарайтын мағұлматтар толық қамтылған. Қалалардың туристік маршруттардың және ұлттық парктердің карталарын дәл осы жерден табуға болады. Көрікті жерлер жайлы егжей-тегжейлі жазылған мәліметтерде осында.
Туристік ақпараттық орталықтың қызметі:
Ақпарат беру:
— Көрікті жерлер, мұражай, саябақ және басқа да қызықты жерлер туралы ақпарат.
— Жергілікті іс-шаралар мен фестивальдар туралы мәліметтер.
— Автобустар, пойыздар және рейстер кестесін қоса алғанда, көлік туралы ақпарат.
— Ауа-райы жағдайлары және киім мен қауіпсіздік бойынша ұсыныстар туралы мәліметтер.
— Карталар мен брошюраларды тарату:
— Қалалардың, туристік маршруттардың және ұлттық саябақтардың карталары.
— Жергілікті көрікті жерлердің егжей-тегжейлі сипаттамалары бар брошюралар мен нұсқаулықтар.
Кәдесыйлар мен жергілікті өнімдерді сату:
— Кәдесыйлар, карталар, нұсқаулықтар және басқа да туристік тауарлар.
— Жергілікті экономиканы қолдауға көмектесетін жергілікті өндірушілердің өнімдері.
Жарнамалау және маркетинг:
— Туристерді тарту үшін маркетингтік науқандарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
— Аймақты туристік бағыт ретінде ілгерілету үшін туроператорлармен және басқа ұйымдармен ынтымақтастық.
«Charyn» туристік ақпараттық орталығы
2023 жылы жұмысын бастаған орталық Шарын шатқалында орналасқан. Мұнда гидтің көмегіне жүгінуге болады, нәтижесінде туристер аймақ туралы толық ақпаратқа қаныға алады.
«Batan» және «Turgensai» туристік ақпараттық орталығы
Іле-Алатау ұлттық паркінде орналасқан Визит-орталықтар келушілерді ұлттық саябақпен таныстыру және Іле-Алатау ұлттық паркінің Түрген шатқалының табиғи орындары бойынша саяхаттаудың бастапқы нүктесі ретінде жұмыс істеу мақсатында құрылды. Орталығы табиғи ескерткіштерге бай Алматыдан 80 шақырым жерде орналасқан әсем Түрген шатқалында орналасқан.
Орталықтан тікелей биіктігі 30 метр болатын «Аюлы» сарқырамасына дейін жаяу жүруге болады. Ұзындығы 1,3 шақырым болатын бұл туристік соқпақ әлеуметтік және барлық санаттағы адамдар үшін қолжетімді туристік маршрут болып табылады.
Сонымен қатар, Түрген шатқалы автожолының бойында пайдалы минералдарға бай суық негізгі суы бар бес бұлақ, сондай-ақ жер қойнауынан соғатын ыстық радон бұлақтары бар.
Turgensai кешенінің аумағынан дәріс залы, кәдесый дүкені, тамақтану орны, ойын алаңы және террассаларды көруге боламды.