Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы индустриялық аймақтарды дамытуда Сингапур тәжірибесін зерделеуде

21 мамырда Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиев және «Алатау» АЭА директоры Ж.Саурбектің JTC компаниясының (Сингапур) басшылығы – Нельсон Лю мырзамен кездесуі өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
23.05.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

JTC Сингапурдағы бас жоспарлардың, архитектуралық шешімдердің және келесі ұрпақ урбанизациясының жетекші әзірлеушісі болып табылады.

Кездесу барысында Лю мырза индустриялық, еркін экономикалық аймақтар мен арнайы стартап-инкубаторлар жұмысының тәжірибесімен және ерекшеліктерімен бөлісті. Тараптар жер ресурстарын басқару тәртібі мен тетіктерін, тіркеу тәртібін және тұрғындарға қызмет көрсетуді талқылады.

Алматы облысының басшылығына Джуронгтағы «Seletar» аэроғарыш саябағы, және «Tuas» биомедициналық саябағындағы жаңа аумақтарды дамыту картасы ұсынылды.

Кездесу нәтижесінде тәжірибе алмасу және қазақстандық мамандарды оқыту туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ Лю мырза Қазақстанда өтетін бизнес-форумға шақырылды.

Бұл кездесу, Алматы облысының өңірді дамыту үшін озық халықаралық тәжірибені тартуға ұмтылысының жарқын мысалы болып табылады. Тиімді индустриялық аймақтарымен және жоғары технологиялық шешімдерімен танымал Сингапур тәжірибесі, инвесторлар үшін аймақтың тартымдылығын арттыру және экономикалық өсуді жеделдетуде құнды құрал бола алады.

Тегтер: «Алатау» АЭАJTCАлматы облысының әкіміБасты жаңалықтарМ.СұлтанғазиевСингапур тәжірибесі

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы саяжайлар сүріле ме? Қала билігі тұрғындарды алаңдатқан мәселеге жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған екі суат салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында 29 қарашада өтетін мәслихат сайлауына дайындық басталды

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысына келген туристер саны 30 пайызға жуық артты

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz