Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер қазақ тілінен емтихан тапсырады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек енді Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер мемлекеттік тілден емтихан тапсыруға міндетті екенін, алайда емтиханнан босатылғандар да барын айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам
«Тест 3 бөліктен тұрады. Біріншісі, қазақ тілін білу. Екіншісі, Конституция негіздері. Үшіншісі, Қазақстан тарихының негіздері. Тестіні Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер тапсыруға міндетті. Алайда талаптан босатылғандар да бар. Мысалы, президент бекіткен тізім бойынша, жөспірімдер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар», — деді Саясат Нұрбек Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ министрге «Қазақстан азаматтығын алғанда мемлекеттік тілді білу деңгейі қалай анықталады?» деген сұрақ қойылды.

«Бұл сұраққа филологтар жауап береді. Қазір біз арнайы жұмыс тобын құрдық. Бұған министрліктің ресурсы жетеді. Мысалы, бізде «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бар. Біз бұл сынақтарды құрастырып, оның қалай жұмыс істейтінін көрсетеміз. Жұмыс енді басталды. Жақында ғана заңға қол қойылды. Заң күшіне енгеннен кейін бізде тек бір ай бар. Қазір жұмысты жедел жүргізіп жатырмыз», — ведомство басшысы.
Тегтер: Қазақстанминистр

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz