Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Қонаев қаласында газдандыру мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов газ құбырын тарту жобасын жасаушы бірнеше компания өкілдерімен, тиісті бөлім басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар

Жиын барысында Қонаев қаласын газбен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Қазіргі таңда қала мен оған қарасты елдімекендерде 6425 тұтынушы газға қосылған. Оның ішінде 5136 пәтер, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер бар.

Жалпы шаһардағы нысандардың көгілдір отынға қосылу үлесі 34 пайызды құрайды. Биыл Сейфуллин көшесі мен № 1, 2, 4, 18, Ивушка шағын аудандарында газ құбырын тартуды аяқтау жоспарланған. Ал №19-20, Спутник, Арна, Рауан, 12А, 12В шағын аудандарына газ құбырын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынғаннан кейін, 2025 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ Қонаев қаласы облыс орталығы болғалы құрылыс қарқынды жүріп, халық саны күннен күнге көбейіп келеді. Осыған байланысты қосымша автоматтандырылған газ тарату станциясы мен газ тарату желілерін тарту қажеттілігі туындап отыр. Аталған бағытта да жұмыстар жүргізіледі.

Жиын барысында қала әкімі бұрынғы саяжай аумақтарына, Шеңгелді ауылдық округінің елдімекендеріне газ тарту туралы ұсыныс дайындауды тапсырды. Бұл шара іске асса, көгілдір отынмен қамтылатын аймақтың шекарасы ұлғаяды.

Айта кетерлігі, қаладағы пәтерлер мен жеке тұрғын үйлер жауапты мекемеге түскен өтініштерге байланысты көгілдір отынға қосылады.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz