Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Қонаев гарнизонында жас сарбаздар Ант қабылдады

Алматы, Ақтау, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қонаев, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан және Өскемен қалаларынан әскерге шақырылған 500-ден астам сарбаз Отаны мен Қазақстан халқына адал болуға ант берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Олар Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлімінде қызмет етеді. Биылғы көктемде әскерге шақырылған сарбаздар жас жауынгерлер курсын тәмамдап, әскери қызметтің қатаң тәртібін, оқу-жаттығуды меңгерді.

Салтанатты рәсімде ел алдында ант қабылдаған сарбаздарға келген қонақтар мен күзет бригадасының командирі, полковник Бейбіт Аманқалиев, сондай-ақ ардагерлер ұйымының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен қоғам өкілдері ізгі тілектерін білдірді.

Қонақтар мен аға құрама өнер көрсеткеннен кейін қолдарына қару ұстаған сарбаздар өз борышын абыроймен атқаруға, еліміздің бостандығын, тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын, халқының және заңды түрде ерлікпен қорғауға ант берді.

Салтанатты рәсімге қатысқандар үшін әскерге жаңа келген сарбаздар арасынан қоян-қолтық ұрыс әдістерін көрнекілеп, мина атқыштар мен зениттік қондырғыларды ұрысқа келтіру нормативтерін орындады, ғимаратқа шабуыл жасау іс-қимылын көрсетті.

Ресми рәсім аяқталған соң сарбаздардың туыстарына казармалық үй-жайлар, асхана, оқу аудиториялары, қару-жарақ пен техника көрсетілді, әскери қызметшілер бұларды зерделегеннен кейін оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын болады.

Бір жыл ішінде жастар жауынгерлік даярлық бағдарламасын, берілген техника мен қару-жарақты меңгереді, әуе-десанттық даярлығынан өтеді, моральдық және күш-қуат тұрғысынан шыңдалып шығады.

Тегтер: Алматы облысыант беруҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz