Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Мемлекет тарапынан газ толтыру пунктеріне субсидия беріледі

Өңірде сұйытылған газды тиімді пайдалану мақсатында, газбен жабдықтау нысандары есепке алынады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистралдық құбырларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Жанбатыр Сансызбай айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар

Спикердің айтуынша, есепке алу жүйесінің ерекшелігі көп. Мәселен, тізілім жасаудың артықшылығы- біріншіден, сапаны жақсарту.

Аталған есептік жүйе, жеткізушілер, тұтынушылар, тарату аймақтары туралы жүйелі мәліметтер базасын ұсынады.

“Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 13 қарашада тізілім иелерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығы бекітілді. Газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автожанармай құю станциялары және өнеркәсіптік тұтынушылары есепке алынып,мемлекет тарапынан субсидия бөлінеді. Бұл үшін есепке алу бойынша,жауапты органға өтініш қалдыру қажет. Ол 10 күн аралығында қаралып, шешім қабылданған уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне жіберіледі”, — деді Жанбатыр Сансызбай.

Айта кетейік, облыста сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және өткізу бойынша 7 газ толтыру станциясы жұмыс істейді. Сонымен қатар 29 кәсіпорынға тиесілі 249 автогаз құю стансалары бар.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Мемлекет басшысы табиғатты қасақана ластайтындарға жазаны күшейтуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Тоқаев мерзімінен бұрын мәслихаттар сайлауы өтетінін жариялады

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz