Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қызмет алушылардың құқығын қалпына келтірді

Биыл наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне Қонаев қаласының жергілікті атқарушы органдарының жер комиссиясының қорытындыларының түп нұсқаларын уақтылы табыстамағанына байланысты шағыммен үш көрсетілетін қызметті алушы жүгінді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.04.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Департаментпен тиісті тексеру жүргізіп, қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін Қонаев қаласының жер комиссиясы 2023 жылы қарағанын, алайда жер комиссиясының қабылданған қорытындылары өтініш берушілерге жіберілмегенін анықтады.

Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізіліп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет алушыларға жер комиссиясының шешімдерінің түп нұсқалары табысталды. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың екінші тоқсанында департамент Алматы облысының әкімдігімен бірлесе отырып облыс аумағында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, қолжетімділігін арттыру үшін бірлескен семинарлар өткізуді көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Тегтер: Алматы облысыжаңалық

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz