Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілді?

Үкіметтің баспасөз қызметі Қазақстанда жойқын су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтардың шығынын өтеу процесі жалғасып жатқанын, Қазірдің өзінде 8,8 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдау алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Үкімет бұл жұмыстарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізіп жатқаны айтылды.

«Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және еліміздің басқа да облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Бүгінде 16 862 өтініш келіп түскен», — делінген хабарламада.

20 сәуірдегі жағдай бойынша, 8 814 отбасы жалпы сомасы шамамен 3,2 миллиард теңге болатын 100 АЕК көлеміндегі біржолғы төлем алған.

«2 мыңнан астам отбасы келтірілген материалдық шығын үшін 1 миллиард теңгеге жуық өтемақы алды. Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 89 миллион теңгеге жетті. Қазіргі уақытта зардап шеккен өңірлерде 3210 тұрғын үй тексеріліп, олардың 1969-ына бағалау жүргізілді. 311 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 447 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. 35 отбасыға ескі үйдің орнына жаңа баспана және пәтерлер берілді», — делінген хабарламада.

Келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және олар Үкіметтің қатаң бақылауында болатыны хабарланды.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz