Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақ тілін қорлаған алматылық қыз екі жылға сотталды

21 жастағы алматылық Элина Лю қазақ тілі туралы айтқан бейәдеп сөздері үшін екі жылға сотталды. Сот оны ұлтаралық араздық тудырғаны үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, алматылық қызға заң тұрғысынан ҚР Қылмыстық Кодексінің 174-бабы бойынша жаза тағайындалған.

«Элина Лю осы жасына дейін көп нәрсеге қол жеткізді: дүниеге бала әкелді, әлеуметтік желілерге тіркелді, енді міне түрмеде отыр. Ол Қылмыстық кодекстің 174-бабы «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған әрекеті» үшін сотталды», — дейді ол.

Элина былтыр күзде TikTok желісінде тікелей эфир өткізген. Оны мыңға жуық көрермен тамашалаған. Тікелей эфир кезінде оқырмандарының бірі оның ұлты мен дінін сұрап, мемлекеттік тілде сөйлеуін талап етеді. Ал алматылық қыз бұл сұраққа дөрекі жауап береді.

«Ол қазақ тілін ұнатпайтынын айтып, бұл тілде тек «мәмбеттер» сөйлейтінін жеткізген. Сондай-ақ ол Алматыдағы Абай көшесіндегі кептелістерге ауылдан келгендерді кінәлі деп айыптаған. Қала берді қалада ешкім қазақша сөйлемейтінін баса айтып, жазылушысына ұрысқан», — дейді журналист.

Осылайша, Людің эфирдегі сөзі интернетте таралып, әлеуметтік желіні бақылайтын жедел уәкіл онда алауыздық белгілерін көрген.

Сарапшы Лю сөздерінде қазақ ұлты өкілдерінің ар-намысына қатысты қорлау және ұлттық араздық пен алауыздықты қоздыру белгілері бар екенін алға тартқан. Нақтырақ айтсақ, «қазақ ұлтының өкілдерін кемсіту» және «қазақ ұлтының тілін менсінбеушілік» бар деген қорытындыға келген.

Сотта Лю өзіне жазылушының мемлекеттік тілді білмегеннен кейін, Қазақстаннан кетуін талап етіп «арандатушылыққа бой алдырғанын айтқан». Ол кінәсін мойындамай, тек жағымсыз пікір жазғандардың «намысына тигісі келгенін, «ұсқынсыз тіл» деген сөзді қазақ тіліндегі бейәдеп сөздерге қатысты айтқанын түсіндірген. Бірақ судья Қалима Дуанбекова оның жауабын қанағаттандырмады.

«Сот Людің кінәсінің дәлелденгені туралы қорытындыға келіп, ол өзінің іс-әрекетімен ұлтаралық алауыздықты тудырғанымен, ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаумен, азаматтардың қазақ ұлты өкілдерінің намысына тиген. Людің сөздері Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық және саяси деструктивті көзқарас тудырады», – делінген сот үкімінде.

Нәтижесінде сот оны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін кінәлі деп тауып, екі жылға соттады. Элина жазасын төменгі қауіпсіздік колониясында өтейді. Ал баласы әжесінің тәрбиесіне берілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: қылмысСот

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz