Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев СҚО-дағы эвакуацияланған халықпен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының эвакуацияланған тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2024
Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумағын тікұшақпен аралап көргеннен кейін қарғын су салдарынан эвакуацияланған аудандардың халқымен кездесті.

Тұрғындармен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық тиісті шараны қабылдайтынын айтты. Қазір су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғынға бірреттік көмек беріліп жатыр және комиссия мүлік шығындарын есептегеннен кейін өтемақы төленеді. Тұрғын үйі жарамсыз азаматтарға жаңа баспана салынады және барлық қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, зардап шеккен тұрғындардың несиелері мен займдарын төлеу мерзімі шегеріледі.

Мемлекет басшысы ешбір азамат назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

«Қазір бәріміз өте күрделі кезеңді бастан кешіп жатырмыз. Бұл — жалпыұлттық апат. Дегенмен бір жағынан алып қарасақ, оң өзгерістер де анық байқалады. Судың беті қайтып келеді. Жақын арадағы 10 күнде өте қауіпті болады деп ойлаймын. Бірақ біз еліміз бойынша апат салдарын жою шараларын қабылдап жатырмыз. Бұған дейін айтқанымдай, Үкімет зардап шеккен азаматтардың барлығына қолдау көрсетеді. Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығында болады. Бұл – мен үшін басты міндет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тегтер: Басты жаңалықтарҚасым-Жомарт ТоқаевСҚО

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының 16 спортшысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға үміткер атанды

Қорлан Нұрланқызы
04.08.2026

Жастарды зиянды әдеттерден қорғау – басты міндет

Диана Ахметова
04.08.2026

Абай болыңыз: жол қауіпсіздігі бәріне ортақ

Диана Ахметова
04.08.2026

Алкогольге тәуелділік: алдын алу және жауапкершілік

Диана Ахметова
04.08.2026

Жаңарған Конституция – жаңа мүмкіндіктер бастауы

Диана Ахметова
04.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz