Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Сенат депутаты Алматы облысындағы су қоймаларын аралады

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев өңірде орналасқан су қоймаларын аралады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар

Сенатор алдымен 1970 жылдары қолданысқа берілген, Алматы қаласы және оның маңындағы көпқабатты үйлер мен кәсіпорындардың кәріз суларына арналып салынған Сорбұлаққа атбасын бұрды.

Мегаполистің құрылысы қарқын алған сайын тұндырма су қоймасының көлемі де артып келеді. Қоймада жиналған су егістіктерге жіберіледі. Десек те, Сорбұлақтың суы толық пайдаланылмай отыр. Оған себеп, «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық мекемесі мен “Ілеирригация” су шаруашылығы мекемесі арасындағы келісімшарттың орындалмауы. Екі жақ әлі күнге дейін дауласып келеді. Мәжіліс депутаты Жанболат Жөргенбаев оларды тезірек ортақ келісімге келіп, мәселеге нүкте қоюға шақырды.

Бұдан кейін депутат Күрті су қоймасына барды. Мұндағы суды Жамбыл және Іле ауданының шаруалары қолданады. Каналдың 70 шақырымы бетондалған. Ол Іле ауданына тиесілі, яғни су жерге сіңбей шаруа қожалықтарының сұранысын қанағаттандыра алады. Ал Жамбыл ауданына қарасты бөлігінде мұндай стандарт сақталмаған. Соның салдарынан жамбылдық шаруалар су тапшылығын сезінуде.

Сенат депутаты Ж. Жөргенбаев аталған мәселелер назардан тыс қалмай, Парламент мінберінде көтерілетінін айтты. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен қаржы бөлгізіп, тозығы жеткен каналдарды жөндеуге және су қоймаларын зерттеу жұмыстарына атсалысатынын жеткізді.

Су қоймаларын аралау кезінде депутатпен бірге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аяшев, Іле аудандық мәслихатының төрағасы Мұхит Бақытұлы, Күрті ауылдық округінің әкімі Төлеген Омаров және осы салаға жауапты мамандар жүрді.

Тегтер: су қоймасы

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz