Бұл дерек сел ұстайтын бөгетті тексеру барысында анықталды. Нысан құрылысы бойынша мердігердің міндеттемелерін орындамауы салдарынан 30 мыңға жуық алматылықтардың өміріне қауіп төнді.
«Осыған байланысты «Қазселденқорғау» басшылығының алдында тиісті материалдарды процестік шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді. Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», — деді ТЖМ.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Алматыда Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесімен келісімге келген мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Бұл ЖШС «Ақсай бассейні селді ұстау бөгетінің құрылысы» жобасын жүзеге асырды.
«ЖШС-нің жауапты тұлғалары бір топ тұлғаның алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Алдын ала келтірілген шығын көлемі 775 миллион теңгеден асады», — деді Әлібек Әбділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.