Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 8 жаңа кәсіби мереке пайда болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 8 жаңа кәсіби мереке пайда болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр. Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні — 7 сәуір;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні — 16 сәуір;
  • Метрология қызметкерлерінің күні — 20 мамыр;
  • Ветеринариялық қызметкер күні — 10 шілде;
  • Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні — қыркүйектің бірінші сенбісі;
  • Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күні — 1 қазан;
  • Стандарттау қызметкерлерінің күні — 14 қазан;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні — 18 қараша.

Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастама жасады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасымен мына сілтеме (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15008211) бойынша танысуға болады.

Тегтер: Басты жаңалықтаркәсіби мерекемереке

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz