Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық 1414 Бірыңғай байланыс орталығы халықаралық деңгейде мойындалды

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Бірыңғай байланыс орталығы марапаттау рәсімі Мәскеуде өткен  CСGuru Awards/Хрустальная гарнитура халықаралық сайыста «Халыққа арналған үздік байланыс орталығы» номинациясында қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
28.03.2024
Жаңалықтар, Қоғам
Фото: BaigeNews.kz

Фото: BaigeNews.kz

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Байқауға 440-тан астам үміткер қатысты. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің 150-ден астам байланыс орталықтары үздік атағына таласты. 2024 жылдың қаңтарында 1414 финалға шығып, ақпан айында CCGuru Awards қазылар алқасының мүшелерін Бірыңғай байланыс орталығының кеңсесінде қабылдаған болатын. Байқау комиссиясының өкілдері орталықтың жұмысымен және ақпараттық жүйелермен танысты.

«Айта кетер болсақ, CСGuru Awards/ Хрустальная гарнитура 15 жылдан астам уақыт бойы құзырлы қазылар алқасының шешімімен жыл сайын байланыс-орталық индустриясының және клиенттермен қашықтықтан өзара әрекеттесудің үздіктеріне беріледі. Марапат кәсіби Қоғамдастықтың жоғары жетілу және даму деңгейін мойындауын көрсетеді, байланыс орталықтарында клиенттермен қашықтықтан өзара әрекеттесу саласындағы қатысушылардың жоғары жетістіктері мен нәтижелерін растайды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бірыңғай байланыс орталығы Мемлекеттік корпорацияның құзырына 2021 жылы өткен болатын. Мамандар азаматтарға аудио-бейне байланыс, сондай-ақ онлайн чат және электрондық пошта арқылы 1354 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, желіде азаматтарға кеңес беріп қана қоймай, кейбір мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекке тұруды да ұсынатын робот жұмыс істейді.

Айта кетейік, жыл басынан бері байланыс орталығына 7,2 миллионнан астам қоңырау түсті.

Фотосурет arnapress.kz сайтынан алынды.
Тегтер: «Азаматтарға арналған үкімет»«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАК14141414 Бірыңғай байланыс орталығы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары күшейтілді — фоторепортаж

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысында балалардың түнгі жүрісінің алдын алу шаралары жалғасуда — фоторепортаж

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысының оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026

Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz