Синоптиктердің болжамынша, өңірде апта бойы жауын-шашын арагідік байқалады. Кейбір аудандарда тұман түсіп, жел күшейеді.
23 қарашада түнде және таңертең облыстың солтүстік бөлігінде тұман күтіледі. Ал күндіз оңтүстік және шығыс аудандарда желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.
24 қарашада күн бұлтты болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, кешке тұман түседі. Ауа температурасы түнде +8…+10, күндіз +13…+15 градусқа дейін көтеріледі.
25 қарашада көшпелі бұлтты ауа райы сақталады. Түнде жаңбыр жауып, тұман түсуі ықтимал. Түнгі температура +5…+7 градус, күндіз +11…+13 градус шамасында болады.
26 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +5…+7, күндіз +13…+15 градусқа жетеді.
Ал 27 қарашада өңірде күн қайта салқындайды. Синоптиктер кей уақыттарда жаңбыр жауатынын болжады. Ауа температурасы түнде +3…+5, күндіз +7…+9 градусқа дейін төмендейді.
Осылайша, апта ішінде күндізгі ауа температурасы +15 градустан +7 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.





