«Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу барды. Шақыру орнына дейінгі қашықтық 40 шақырым. Шақыру орнына келген кезде 18 ересек адамның демалысқа бара жатып, қар үйіндісінде қалып қойғаны анықталды. Құтқарушылар мен ЖАО қызметкерлерінің күшімен жол тазаланып, қар құрсауынан 5 автокөлік шығарылды», — деп хабарлайды Алматы ТЖД.
Аудан әкімі көліктегі 18 адамды құтқаруға құтқарушыларммен бірге өзінің жеке техникасымен аудан әкімдігіне көмекке келген тұрғын Алмат Қазыбаеқа Алғыс хатын табыстаған.
«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған саяхатшыларға шұғыл техникасы бар азаматтар қажет болды. Ердің ерлігі сын сағатта танылады демекші өзіңіздің жеке техникаңызбен қарлы бұрқасынға қарамай, басыңызды қатерге тіге отырып, қар құрсауында қалған адамдарды құтқаруға жолға шықтыңыз. Сіздің жауапкершілікпен атқарған жұмысыңыздың нәтижесінде 18 адам отбасына аман – есен оралды. Бұл әрекетіңізбен Сіз өзіңіздің нағыз ер азаматқа тән батылдығыңызды көрсеттіңіз. Сізге төтенше жағдай күні адамдарды аман алып қалу жолында көрсеткен ерен еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін», — дейді аудан әкімі Берік Дүйсенбаев.